АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ МАРАПАТТАЛДЫ!

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ МАРАПАТТАЛДЫ!

Бүгін «1 Наурыз – Алғыс айту» мерекесіне орай, аудан әкімінің міндетін атқарушы А.Әбілдин пандемия және карантин режимі уақытында қоғам игілігіне арналған жұмыстарға белсенділік таныта білген бір топ азаматтарды қабылдап, аудан әкімінің «Алғыс хаттарын салтанатты түрде табыс етті.

Сонымен қатар, ортақ мақсатта елге қызмет жасап жүрген жандарға айрықша алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына толағай табыс тіледі.