«Қауіпсіз газ баллоны сіздің үйіңізде» акциясы

«Қауіпсіз газ баллоны сіздің үйіңізде» акциясы

Шет ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың ақпан айында Шет ауданының аумағында «Қауіпсіз газ баллоны сіздің үйіңізде » акциясы өткізілді.
Аталған акцияның аясында Шет ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің және Қарағанды облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ-нің №34, №35 өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлерімен Шет ауданының елді-мекендеріндегі тұрғын үй секторында тұрмыстық газ баллондарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша нұсқаулықтар өткізіліп, жадынамалар таратылды.
Аудан тұрғындарынан тұрмыстық газ баллондарын пайдалану кезінде төмендегі ережелерді қатаң сақтауларын сұраймыз:
- 2 қабаттан жоғары қабатты тұрғын үйлерде газ баллондарын пайдаланбаңыздар;
-жұмыс істеп тұрған газ аспаптарын қараусыз қалдырмаңыздар;
- газдың шығуын тексеру үшін ашық отты пайдаланбаңыздар (осы мақсатта сабын ерітіндісін пайдаланыңыз);
- газ аспаптарын пайдалануға балаларды жібермеңіздер және оларды қараусыз қалдырмаңыздар;
-жылыту радиаторларынан, басқа да жылыту аспаптары мен пештерінен кемінде 1 м;
- ашық отпен жылу көздерінен кемінде 5 м.
Автожанармай құю станцияларында газ баллондарын құюға болмайды!

ГАЗ АҒЫП КЕТКЕН ЖАҒДАЙДА:
- газ беруді жабыңыз;
- терезелер мен есіктерді ашыңыз;
- сіріңкені, оттықтарды жақпаңыз, жанып тұрған темекімен бөлмеге кірмеңіз;
- жарық пен электр құралдарын қоспаңыз;

ОҚИҒА ТУРАЛЫ ДЕРЕУ 101 НЕМЕСЕ 112 НӨМІРІ БОЙЫНША ХАБАРЛАҢЫЗ.

Шет ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі