МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ!

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ!

Бүгін «1 Наурыз – Алғыс айту» күніне орай, аудан әкімінің міндетін атқарушы А.Әбілдин аудан орталығындағы әлеуметтік тегін дүкенде тіркелген көп балалы, аз қамтылған 14 отбасыға бір реттік азық – түлік пен жеміс – жидектер толтырылған мерекелік себеттер табыстады. Сонымен қатар, аталмыш тұрғындарды мерекемен құттықтап, аудан көлемінде қарқынды бастау алған «Қайырымдылық марафоны» алдағы уақытта да жалғаса беретінін жеткізді.
Өз кезегінде аталмыш дүкен жұмысын үйлестіруші, «Ақтілеу» қайырымдылық қорының жетекшісі Г.Ахметова да тұрғындарды мерекемен құттықтап, әлеуметтік дүкенге жан – жақты қолдау көрсетіп келе жатқан, аудан кәсіпкерлеріне шынайы алғысын білдірді.