
Өңірімізде екі – үш күннен бері толассыз қар жауып, көшелер мен жаяу жүргіншілер жолын әжептәуір басып тастаған болатын. Осыған орай, бүгінгі күні жергілікті әкімдік тарапынан Ақсу – Аюлы округіне қарасты Қайрақты, Ақтөбе, Еңбекшіл ауылдарындағы қалың қарды аршуға 3 бірлік техника жіберілді. Сонымен қатар, Ақсу – Аюлы ауылындағы көшелердегі қарды тазалауға арналып, 3 бірлік арнайы техникалар жұмылдырылған. Алдымен аудан орталығының бас көшелерінің қары алынған соң, қалған көшелері де тазартылатын болады!