АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ!

АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ!

Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров «Zoom» платформасы арқылы онлайн режимінде бірыңғай азаматтарды қабылдау күнін өткізді. Осыған дейін, қабылдау өтетіні туралы бұқаралық ақпарат көздеріне хабарландыру беріліп, нәтижесінде аталмыш қабылдауға аудан елді мекендерінен 15 адам тіркелген. Жеке қабылдауға қатысқан көпшілік сұрақтарының дені тұрғын үй, жер алу және тағы да басқа әлеуметтік мәселелер тұрғысында болды. Осыған орай, аудан басшысы барлық мәселелер бойынша заңдылықтар аясында түсіндірме ақпарат беріп, бірқатар мәселелер бақылауға алынып, кейбір өтініштер қабылдау барысында шешімін тапты. Сонымен қатар, алдағы уақытта көтерілген мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасарлары мен сала бөлім басшыларына тиісті жұмыстар атқаруға тапсырма берді. Айта кетейік аталмыш іс – шараға келгендер аудан әкімдігінің 1 қабатындағы мәжіліс залында аудан басшысымен онлайн сұхбаттасса, ал, ауылдық шалғай елді мекендегілер жергілікті елді мекендердегі әкімдіктер арқылы байланысты.