
✅Елімізде короновирустық инфекцияның өсу көрсеткіші орын алуына орай, инфекцияның таралуын болдырмау және алдын алу мақсатында карантиндік режим талабы күшейтілді.
✅Бұл алдымен өздерініз бен жақындарыңыздың денсаулықтарына жауапкершілікпен қарап, санитарлық сақтық шараларын толықтай сақтауды міндеттейді.
Карантин режимін қадағалау мақсатында аудан орталығы Ақсу-Аюлы мен Ақадыр кентінің көлемінде құрылған 2 мобильдік топ күн сайын аудан елді мекендерінде рейд шараларын жүргізуде. Нәтижесінде 2021 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша 250-ге жуық объектілер тексеріліп, 4 құқықбұзушылық анықталып, аталған объектілер бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 425-ші бабы 1- тармағына сәйкес , Шет ауданының санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл мобильді топтар 5 түрлі карантин нормаларының бұзылуы бойынша тексеру жүргізеді.
✅1.Объекті қызметін шектеуге қоятын талаптарын сақтамау (жұмыс кестесі және тәртібі)
✅2. Отбасылық және адамдар көп жиналатын өзге іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойы, мерейтойлар, еске алу) өткізуге шектеу қоятын талаптарды сақтамау.
✅3. Әлеуметтік арақашықтық талаптарын сақтамау.
✅4. Медициналық бетперде талаптарын сақтамау.
✅5. Келушілер санының шектік нормалардан асуы.
✅Осы аталған санитарлық - эпидемиологиялық нормалардың бұзылуы анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын ескертеміз!