
Бүгін аудан орталығы Ақсу – Аюлы ауылдық округінің әкімі жергілікті тұрғындар алдында жыл бойы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттері туралы есептік кездесуін өткізді.
Маңызды жиынға аудан әкімі М.Мұхтаров, аудандық мәслихат хатшысы Б.Төлеуқұлов пен аудан әкімінің орынбасарлары мен сала бөлім басшылары қатысты.
Кездесу барысында өткен жылы ауыл игілігіне ауқымды істердің атқарылғандығы көрінді. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындар ауыл әкімінің жұмысына оң баға беріп, алдағы уақытта мал бағыны, жайылым жер, ауыл ішіндегі септик тазалайтын АС көлік шығару сынды мәселелерді шешуді өтінді.
Аталмыш сұрақтарға ауыл әкімі бүгінгі таңда жеке кәсіпкерлер тарапынан 4 АС көлігі тұрақты жұмысқа кіріскендігін, мал бағыны алдағы уақытта ұйымдастырылатынын жеткізді.