АУДАННЫҢ БІР ТОП АЗАМАТЫ ҚҰРМЕТ ПЕН МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ!

АУДАННЫҢ БІР ТОП АЗАМАТЫ ҚҰРМЕТ ПЕН МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ!

Бүгін жаңа жыл қарсаңында ауданымызда (еліміздегі барлық карантин талаптарын сақтай отыра) жылды қорытындылауға арналған салтанатты шара өткізілді. Шарада аудан әкімі М.Мұхтаров пен аудандық мәслихат хатшысы Б.Төлеуқұлов барша аудан тұрғындарын мерекемен құттықтай отырып, ұзақ жылдар бойы түрлі жауапты салаларда қажырлы еңбек етіп, ауданымыз бен өңіріміздің әлеуметтік – экономикалық дамуына айрықша үлестерін қосқан азаматтарға «Шет ауданының Құрметті азаматы» атағын табыс етті. Сонымен бірге, шара барысында еліміздегі карантин уақытында ауданымыздағы тұрғындардың денсаулығын сақтау, қауіпсіздік шараларын жоғары дейңгейде ұйымдастыра білген ауданымыздағы медицина және санитарлық-эпидемиологиялық саласының басшылары мен ауданның қоғамдық – саяси өмірінде жоғары белсенділік танытып, әлеуметтік – экономикалық дамуына қосқан елеулі үлес қосып жүрген бір топ азамат аудан әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Сонымен қатар, жыл қорытындысы бойынша «Үздік маман иегерлері» байқауының жеңімпаздары «Үздік коммуналдық және байланыс саласының маманы» , Үздік ауылшаруашық саласының маманы», Үздік кәсіпкер» номинациялары мен аудан әкімінің естелік сыйлықтарына ие болды.