
Жуырда ауданымыздағы Ақшатау кентіне қарасты Жарылғап батыр ауылына аудан әкімдігі мен аудандық желілік техникалық учаскесінің бірлесуімен және «250+ бағдарламасы» бойынша ұялы байланыс желісін тарату жүйесі орнатылып, іске қосылды. Осы уақытқа дейін ұялы байланыс жүйесін іске қосу ауыл тұрғындарының алдымен айтатын өтініші болатын. Бірлесе отыра атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауылда Kcell, Altel, Tele2 байланысы орнап, интернет желісімен жұмыс істеу мүмкіндігі туып отыр. Аталған жұмысты орындаған Алматы қаласынын "BMK INTEGRATION SERVICE" ЖШС –не ауыл тұрғындары атынан алғысымызды білдіріп, жаңа жылдың қарсаңында ұялы байланысқа ие болған жарылғаптық тұрғындарды қуанышты күндерімен құттықтаймыз!