
ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АЙРЫҚША ТАРТУ!
🎈Еліміз аздаған санаулы күндерден соң 2021 жылға аяқ баспақ. Алдағы жылы ұлтымыздың өз алдына тәуелсіз мемлекет атанғанына аттай 30 жыл толады.
🎈Бүгін осынау Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің өткені мен бүгінін және болашақтың арасындағы берік дәнекері, уақыт өлшемі екендігін айғақтайтын аудан орталығындағы Дербісалы батыр, С.Сейфуллин, Ә.Хасенов атындағы көшелердің қиылысына орнатылған «Сағат» стелласының ашылу салтанаты өтті.
🎈Аталмыш шараға аудан әкімі М.Мұхтаров бастаған әкімдік өкілдері, аудандық мәслихат хатшысы Б.Төлеуқұлов, аудандық ПБ басшысы, полиция полковнигі М.Менисов пен ауыл ақсақалдары қатысты. Сағаттың салтанатты түрде ашылу лентасын аудан әкімі М.Мұхтаров пен ауыл ақсақалы Б.Хамзин кесіп, аудандық мәслихат хатшысы Б.Төлеуқұлов, белгілі жазушы К.Жүністегі, ауыл ақсақалы И.Жолғұтты жылы лебіздерін білдіріп, аудан тұрғындарын қуанышты күндерімен құттықтады.
🎈 Айта кету керек, аталмыш көше қиылыстарына айналма жол орнату ауыл тұрғындарының көптен бергі сұранысына айналған. Ал, жергілікті бюджет қаражатына салынған сағат Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған айрықша тарту болып саналады. Бүгінде үш тарапқа қарап, түнде жарық сәулесін шашатын алып сағат тек қана уақытты білдіріп қоймай айналма жол болып, жол көлік оқиғасының алдын алуда маңызды рөл атқармақ.