«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» АЯСЫНДА ТЕЗЕКБАЙ АМАНДЫҚҰЛЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН АУДАНДЫҚ ЖАЗБА АҚЫНДАР МҮШАЙРАСЫ ӨТТІ:

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» АЯСЫНДА  ТЕЗЕКБАЙ АМАНДЫҚҰЛЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН АУДАНДЫҚ ЖАЗБА АҚЫНДАР МҮШАЙРАСЫ ӨТТІ:

«Жүректің сиясымен жыр жазамын». Аталмыш тақырыпта жергілікті ақын Тезекбай Амандықұлының 70 жылдық мерейтойына арналған аудандық жазба ақындар мүшайрасы өтті. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауданымыздың дарынды ақыны, бірнеше жыр жинақтарының авторы Тезекбай Амандықұлының 70 жасына орай, аудандық орталық кітапхана ұжымы әдебиет сүйер қауымға әсерлі рухани кеш сыйлады. Шырайлы шара карантин талаптарын сақтай отыра, ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу және жас ақындардың өз шығармашылығы бойынша 2 бөлімнен тұрды. Шараға аудан әкімінің орынбасары А.Әбілдин бастаған әкімдік өкілдері, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, аудандық кітапхана ұжымы және ауыл, үлкендері мен ақынның өмірлік достары қатысты. Сайыс нәтижесінде озық танылған жас ақындар мен ақын шығармаларын онлайн түрінде мәнерлеп оқыған үміткерлер арнайы диплом, алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.