
Бүгін Шет ауданына қарасты Көктіңкөлі ауылдық округінің әкімі болып 45 жастағы Қоршабеков Қуаныш Тегісұлы тағайындалды. Жаңа лауазым иесін аудан әкімі М.Мұхтаров әріптестеріне таныстырып, алдағы атқарар қызметіне сәттілік тілеп, сенім білдірді.
Қоршабеков Қуаныш Тегісұлы 1975 жылдың 24 маусымында Шет ауданы Өспен ауылында дүниеге келген.1983 жылдан бастап Көктіңкөлі ауылының тұрғыны. Білімі жоғары. Қарағанды экономикалық университетін қаржы мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолында Жезқазған қалалық әлеуметтік қорғау басқармасының маманы, Көктіңкөлі ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі және шаруашылық құрылымдарының жетекшісі болып қызмет атқарған.