
Ағымдағы жылдың 30 қарашасында аудан орталығында Ы. Алтынсарин атындағы мектептің ауласындағы тутұғыр салтанатты түрде ашылды.
Іс-шараға аудан әкімдігінің өкілдері, мектеп ұжымы, ардагер мұғалімдер, сондай-ақ іс-шараны ұйымдастырушы мектеп түлектері қатысты.
1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында биіктігі 14 метр тутұғыр салтанатты түрде ашылды, ту көтеру құрметіне аудан әкімі М.Мұхтаров пен мектеп түлегі Д. Базылов берілді.
Еліміздің мемлекеттік әнұраны орындалғаннан кейін, өз кезегінде, аудан басшысы аудан жұртшылығы атынан мектеп түлектеріне алғыс айтып, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Туған жер" бағыты бойынша біздің ауданда ел азаматтары демеушілік ететін бірқатар ауқымды іс-шаралар өткізіліп жатқанын атап өтті.
Іс - шара барысында Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия директорының м. а. а. Сәдібекова, түлектер мұғалімі, ардагер М. Абдрахманова, мектеп түлектері атынан Ж. Тапалов құттықтау сөз сөйледі.
Айта кету керек, аталған іс – шараны 1983 жылы туған Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының түлектері Туған жерге, соның ішінде Алтын ұяға тарту мақсатында мектеп бітіргеніне 20 жыл толуына орай ұйымдастырды.