Шет ауданының әкімі М. Мұхтаровтың 1 қыркүйек-Білім күнімен құттықтауы

Шет ауданының әкімі М. Мұхтаровтың 1 қыркүйек-Білім күнімен құттықтауы

Құрметті ұстаздар! Құрметті оқушылар мен ата-аналар! Баршаңызды әсем күз айының алғашқы мерекесі — 1 қыркүйек Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Білім — кез келген заманда ел дамуының басты қозғаушы күші. Бүгінгі таңда ауданымызда білім беру жүйесін жаңғырту, инфрақұрылымын жақсарту және мектептердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жаңа оқу жылында ауданымыздың 37 жалпы білім беретін мектебінде 6 770 оқушы білім алуда. Оның ішінде 632 бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отыр. Балаларымыздың жастық шағы бақытты, ал жаңа оқу жылы ұл-қыздарымыз үшін жарқын жетістіктерге толы болсын!

Құрметті ұстаздар мен ата-аналар! Сіздерге өскелең ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беру жолындағы жемісті жұмыс, отбасылық амандық, мықты денсаулық және құт-береке тілеймін!

Жаңа оқу жылы құтты болсын!