Шет ауданымыздың бұқаралық спортын дамыту үшін, 2020 жылға көпсалалы хоккей корттары мен жасыл төсеніші бар спорт алаңдарын орнату үшін аудандық бюджеттен 85 млн. 300 мың теңге қаражат бөлінген болатын.

         Шет ауданымыздың бұқаралық спортын дамыту үшін, 2020 жылға көпсалалы хоккей корттары мен жасыл төсеніші бар спорт алаңдарын орнату үшін аудандық бюджеттен 85 млн. 300 мың теңге қаражат бөлінген болатын. Көпсалалы хоккей корттары Ақадыр, Ақжал, Ақшатау кенттеріне және Ақшоқы, Нұраталды ауылдық округтеріне, жасыл төсеніші бар спорт алаңдары Ақадыр кентіне және Киікті, Төменгі Қайрақты, Тағылы, Ақой ауылдық округтеріне салынып, аудан тұрғындарының игілігіне берілді.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» бағыты аясында демеушілік есебінен Босаға ауылдық округінде Серік Мамашұлы атындағы жаңа күрес залы ашылып, ауыл тұрғындарының игілігіне берілді.