"Заң және тәртіп" жобасы аясында Қарағанды қаласында облыс жастары арасында "құқықтық тәртіп Әліппесі" квесті ұйымдастырылды

"Заң және тәртіп" жобасы аясында Қарағанды қаласында облыс жастары арасында "құқықтық тәртіп Әліппесі" квесті ұйымдастырылды

Іс-шара барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға баса мән беріліп, заң мен тәртіптің қоғамдағы маңызы кеңінен түсіндірілді.
Квестке облысымыздың барлық аудан-қалаларынан келген жастар қатысып, топтарға бөлініп түрлі станцияларда арнайы қызметтердің жұмысымен танысты. Сонымен қатар, қатысушылар қызықты тапсырмаларды орындап, өз білімдері мен белсенділіктерін көрсетті.
Шет және Ақтоғай аудандарының жастарынан құралған «Алаш жастары» тобы Ұлттық ұлан әскери бөлімінің жұмысымен танысып, әскери қызметтің ерекшеліктерін көріп, қару-жарақ түрлері туралы ақпарат алды. Станция соңында қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.
Осындай тағылымды әрі танымдық жобалар жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, патриоттық рухын нығайта түседі. Қатысушылар іс-шарадан ерекше әсер алып, мол тәжірибе жинақтады.