Шет ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді

Шет ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді

Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздіктің тұғыры
Бүгін Шет ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.
Мерекелік шара барысында Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектебінің алдындағы ту тұғырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде көтерілді. Іс-шараға аудан тұрғындары, жастар, мемлекеттік қызметшілер мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Жиналған қауымды мерекемен аудан әкімінің орынбасары Д. Карсембаев құттықтап, мемлекеттік рәміздердің ел тәуелсіздігі мен ұлттық бірегейліктің басты нышандары екеніне тоқталды.
Салтанатты ту көтеру рәсімінен кейін мерекелік шара аудан өнерпаздарының қатысуымен ұйымдастырылған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Концерт барысында патриоттық әндер орындалып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.
Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара аудан тұрғындарының елге деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.