
Бекітілген жоспарға сәйкес бүгін аудан әкімі М.Мұхтаровтың қатысуымен К.Мыңбаев және Ортау ауылдық округ әкімдері ел алдында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларымен бөлісті.
Кездесу сұрақ-жауап форматында өтіп, ауыл тұрғындары тарапынан жол, жер және ауылшаруашылық субсидиялары секілді мәселелер көтерілді. Осыған байланысты аудан басшысы айтылған ұсыныс-пікірлерді назарға алып, мәселенің оң шешімін табуы үшін жеке бақылауында болатынын жеткізді.
Кездесу барысында аудан әкімі тұрғындармен жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Сонымен қатар, аудан басшысы жұмыс сапары аясында Қызылтау ауылындағы өрт сөндіру бекетін көрді және ауылдық округ әкіміне нақты тапсырмалар берді.