
Сауалнама барысында тұрғындардың мемлекеттік рәміздер туралы білім деңгейі, олардың маңызы мен құндылығы жөніндегі пікірлері сұралды. Қатысушылар Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны – Тәуелсіздігіміздің айқын белгісі, ел бірлігі мен ұлттық рухтың символы екенін атап өтті.
Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың патриоттық санасын қалыптастырып, елге деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етеді.
🇰🇿 Мемлекеттік рәміздеріміз – мақтанышымыз, мәртебеміз және елдігіміздің нышаны!