
Шырайлы мерекелік кеш барысында бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын әсерлі концерттік бағдарлама ұсынылды. Әсем әндер шырқалып, көңілді билер орындалып, балаларға арналған түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды. Мерекеге жиналған балалар мен ата-аналар көтеріңкі көңіл күйге бөленіп, ерекше әсер алды.
Балалар – еліміздің жарқын болашағы, халқымыздың ең қымбат қазынасы. Сондықтан олардың бақытты балалық шағы мен жан-жақты дамуына жағдай жасау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Барша бүлдіршіндерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтай отырып, әр шаңыраққа шаттық, амандық және балалар күлкісі мен қуанышының мол болуын тілейміз!
#БалалардыҚорғауКүні #1Маусым #ШетАуданы #МәдениетҮйі #БалаларМерекесі ШаттықМекені