АУДАН БЕЛСЕНДІЛЕРІ АЙМАҚТЫҢ ЕҢ ІРІ ЭКОСАЯБАҒЫН КӨГЕЛЕНДІРУГЕ ҮЛЕС ҚОСТЫ

АУДАН БЕЛСЕНДІЛЕРІ АЙМАҚТЫҢ ЕҢ ІРІ ЭКОСАЯБАҒЫН КӨГЕЛЕНДІРУГЕ ҮЛЕС ҚОСТЫ

Аудан әкімі М.Мұхтаровтың бастамасымен, Шет ауданының белсенділері Қарағанды қаласында бой көтеріп жатқан жаңа Экосаябаққа (Экопарк) барып, ағаш отырғызу акциясына қатысты. Нағыз табиғат жанашырларын біріктірген игі шара аясында болашақ жасыл желек аймағына 100 түп ағаш егілді.

Бұл маңызды экологиялық бастамаға «AMANAT» партиясының өкілдері, ауданымыздағы мекеме басшылары мен қызметкерлері және жалынды еріктілер біркісідей атсалысып, жоғары белсенділік танытты.

Қарағанды қаласындағы жаңа Экосаябақ — аумағы 200 гектарды құрайтын, табиғи ландшафты сақталған бірегей отбасылық демалыс орны болмақ. Мұнда төрт жасанды көлдің айналасы бірыңғай серуендеу маршрутына біріктіріліп, жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдары, спорттық эко-алаңдар салынады.

Ауданымыздың белсенділері егіп қайтқан әрбір көшет алдағы уақытта үлкен саябақтың ажырамас бөлігіне айналып, аймақтың экологиялық ахуалын жақсартуға септігін тигізеді.