“ТАЗА СЕНІМ” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОТЫРЫС ӨТТІ

“ТАЗА СЕНІМ” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОТЫРЫС ӨТТІ

Шет ауданы прокуратурасының бастамасымен «Таза Сенім» жобасы аясында өтініштерді қарау мәселелері бойынша консультативтік-сараптамалық кеңес отырысы өтті.
Айтулы іс-шараға аудан әкімі аппаратының басшысы, Бірыңғай үйлестіру орталығы мекемесінің басшылығы және Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет өкілдері қатысты.
Кеңес барысында азаматтардың өтініштерін қарау сапасы, заңнама талаптарының сақталуы, мемлекеттік органдар мен мекемелер арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланып, жауапты мекемелердің есептері тыңдалды. Сонымен қатар, туындаған өзекті сұрақтар сараланып, оларды шешу жолдары бойынша нақты ұсыныстар айтылып, назарға алынды.