Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

Қадірлі жерлестер!

Баршаңызды мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Береке мен бірліктің бастауы болған бұл күн адамдар арасындағы өзара сыйластық пен жанашырлықты арттырып, қоғамдағы татулық пен ынтымақты нығайта түседі. Құрбан айт күндері халқымыз ізгі ниет танытып, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, бір-біріне жақсылық пен игі тілектерін арнай білген. Бағзыдан сабақтасып, ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан жетім-жесірге қамқор болу, мұқтажға жәрдемдесу сынды асыл қасиеттер де осы мерекеде айрықша көрініс табады. Ендеше егемен еліміздің рухани құндылықтары жаңғырып, халқымыздың ынтымағы мен бірлігі нығайта түсетін Құрбан айт мерекесінің мән - маңызы айрықша деп білемін.
Осы орайда, әрқайсыңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға баянды бақ-береке мен қуаныш тілеймін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!
Құрбан айтта жасаған барша ізгі ниеттеріңіз бен дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!

Құрметпен,
Шет ауданының әкімі М.Мұхтаров