
Аудан әкімі М.Мұхтаров жұмыс сапарымен Ақадыр кентіне арнайы барып, жергілікті тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Ашық диалог форматында өткен кездесуде ауыл тұрғындары өздерін мазалаған өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныс-тілектерін ортаға салды.
Қабылдау барысында инфрақұрылым, жол жөндеу, әлеуметтік көмек және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағытындағы сұрақтар талқыланды.
Жиналысқа аудандық бөлім басшылары да онлайн (Zoom платформасы) және оффлайн форматта қатысып, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға заң аясында нақты жауаптар берді.
Аудан басшысы көтерілген әрбір мәселенің жіті бақылауда болатынын және олардың шешілу жолдары кезең-кезеңімен қарастырылатынын атап өтті.