ЖАС ӨРЕНДЕР АЗИЯ ЖӘНЕ ОКЕАНИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ!

ЖАС ӨРЕНДЕР АЗИЯ ЖӘНЕ ОКЕАНИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ!

Ақтау қаласының «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде самбодан жасөспірімдер арасында Азия және Океания чемпионаты өтті. 14 мемлекеттен 500-ден астам кіл мықты спортшы бақ сынасқан дүбірлі додада еліміздің намысын қорғаған жас палуандарымыз ерекше өнер көрсетіп, ел қоржынына жүлде салды!
Атап айтсақ, Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектебі жанындағы интернаттың 10-сынып оқушылары халықаралық аренада биіктен көрінді:
🥇 Ішікбай Ерсұлтан — 71 келі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей, Азия және Океания чемпионы атанды!
🥈 Алтаев Ибрахим — 64 келі салмақ дәрежесінде боз кілемде барын салып, күміс медальді иеленді!
Жас чемпиондарды додаға шеберлікпен баптап қосқан жетекшісі, білікті бапкер — Жампейсов Асылбек Бакытбекович.
Аудан абыройын асқақтатып, көк туымызды желбіреткен жас спортшыларымыз бен олардың тәлімгерін жарқын жеңістерімен құттықтаймыз! Додалы жарыстарда бағындырар биіктеріңіз көп болсын!