ОБЛЫСТЫҚ «САРЫАРҚА» ОНЛАЙН СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕР СПОРТШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

ОБЛЫСТЫҚ «САРЫАРҚА» ОНЛАЙН СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕР СПОРТШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

✅Бүгін аудан әкімінің орынбасары А.Әбілдин облыстық «Saryarka» онлайн Спартакиадасында жүлделі орындарға қол жеткізген спортшылар мен олардың команда жетекшілерін (барлық карантин талаптарын сақтай отыра) аудан әкімдігінің мәжіліс залында қабылдап, аудан әкімі М.Мұхтаровтың және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Т.Абылаевтың Алғыс хаттарымен марапаттап, салтанатты түрде медалдарын табыстады.

✅Шара барысында аудан әкімінің орынбасары ауданымыздағы спорт саласын дамытуда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы уақытта спортшыларды бұқаралық спортты дамытуда тұрғындармен тығыз қарым – қатынаста бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

✅Өз кезегінде аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Е.Құрманбаев облысымызда алғашқы рет кең көлемде онлайн форматында ұйымдастырылған спартакиадада спорттың 9 түрінен бақ сынасып, командалық есепте жүлделі ІІІ орынға табан тіреген спортышыларға алғысын білдіріп, алдағы жылы бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізетіндеріне сенім білдірді.