Ауданның мемлекеттік мекемелеріне 2020 жылдың 10 айында жеке және заңды тұлғалардан 925 өтініш түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен (2019ж-636) салыстырғанда 69 пайызға көбейген.
Өтініштердің негізгі сұрақтары бойынша:
-жер мәселелері бойынша -530.
- тұрғын үй мәселесі бойынша- 65.
- коммуналдық шаруашылық саласы бойынша-102
- жұмыс мәселесі-41.
Жалпы түскен өтініштердің 48 пайзs астамы қанағаттандырылды, яғни 445-і, 374 өтінішке заңдылықтарға сәйкес тиісті түсініктемелер берілді, оның ішінде маңызды мәселелерге, тоқтап өтсем:
Тұрғын үймен қамтамасыз ету тұрғысында берілген өтініш иелеріне: Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67 бабының 1 тармағына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер тұрғын үйге мұқтаж, осы елді мекенде тұрақты тұратын азаматтарға беріледі.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67 бабында белгіленген санаттар:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
1-1) жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтары;
3) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер;
4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылғандар;
5) көпбалалы отбасылар.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi №94 Заңының 67 бабында белгіленген санаттарға сәйкес келіп мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй сұраушыларды есепке алу тұрғылықты жері бойынша, құжаттар тапсыру арқылы жүзеге асырылады. Тұрғын үй алу үшін тұрғылықты жер бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қарағанды облысы бойынша филиялының Халыққа қызмет көрсету бойынша Шет ауданының №1,2 бөліміне (ЦОН) немесе егов порталы арқылы қажетті құжаттарды тапсырып, тұрғын үй сұраушылар кезегіне тіркелуіне болады.
Сонымен қатар, үйдің кезегінде тұрған өтініш иелеріне:
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 бабы 1 тармақшасы бойынша азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 бабы 3 тармақшасы бойынша аталған тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға бұл тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайтыны түсіндіріледі.
Үйі қауіпті жағдайда тұрғандықтан, үй алуға көмек сұраған өтініш иелеріне:
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67 бабындағы талаптарға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезектілік тізімінің жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтардың санатына тіркелу үшін тұрып жатқан жалғыз тұрғын үйіңіздің техникалық жағдайын зерттеу қортындысы негізінде ғана тұрғын үй апаттық жағдайда деп танылады. Жеке меншік тұрғын үй болғандықтан ол зерттеуді арнайы мамандандырылған кәсіпорын арқылы азаматтар өз қаражаттарына тексертіп, эксперттің қорытындысын алып, тұрғын үй сұраушылар кезегіне тіркелуіне болады.
:Өтініштердің басым бөлігі жер мәселесіне қатысты және жиі түсетін сұрақтар бойынша:
Шаруа қожалығын жүргізу немесе ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін жер алу туралы өтініш иелеріне:
ҚР Жер кодексінің 48 бабы бойынша, ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жерлерді босалқы жерлерден мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін беру немесе жер учаскесінің жалға беру құқығы сауда (конкурс) ретінде беріледі.
ҚР Жер кодексінің 43-1 бабы бойынша, Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін ауданның уәкілетті органы (Жер қатынастары бөлімі) қалыптастырады және бұл қоғамдық кеңестермен, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдармен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен келісіледі. Келісуші органдар мен ұйымдар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі олардың орналасу схемасымен бірге келіп түскен хатқа өз ұстанымының уәжді негіздемесі бар қорытынды береді.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі келісуші органдар мен ұйымдар жалпы санының кемінде төрттен үші оң қорытынды берген жағдайда келісілді деп есептеледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің келісілген тізбесін ауданның облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы бекітеді.
Тізбеге енгізілген жер учаскелері шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа жерге орналастыру жұмыстары жүргізілгеннен кейін шығарылады.
Конкурсты өткізу үшін, бюджеттен қаражат берілу керек. Ол қаражатты ғаламтор арқылы тендерге жерге орналастыру жобасын дайындатуға қойылады, жерге орналастыру жобалары дайындатылғаннан кейін, конкурсты өткізу және одан кейін өткені туралы хабарлама «Шет шұғыласы», «Шет өңірі» жергілікті газеттерінде және Шет ауданы әкімдігі және Шет ауданының жер қатынастары сайттарында жарияланады.
Бос жерлер туралы ақпарат аудан әкімдігі және жер қатынастары сайттарында орналасқан.
Бизнес жүргізу үшін объектінің (дүкен, монша, асхана, тойхана, көлікжай және т.б.) құрылысын салуға жер алу мәселесі бойынша өтініш иелеріне:
ҚР Жер кодексінің 48 бабы бойынша, ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жерлерді босалқы жерлерден мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін беру немесе жер учаскесінің жалға беру құқығы сауда (аукцион) ретінде беріледі. Объектілердің құрылысы әр елді мекеннің бас жоспары негізінде салынады. Құрылыс үшін бос жер учаскелері аудан әкімдігінің немесе ауданның сәулет және қала құрылысы бөлімінің сайттарында орналастырылады. Аукцион жүргізу үшін сәулет және қала құрылысы бөлімі жер учаскелердің тандау актілерін дайындап, жер қатынастары бөліміне хатпен аукционға құжаттар дайындауға жібереді. Құжаттар дайындалып болған кезде, аукцион өткізу және одан кейін өткені туралы хабарлама «Шет шұғыласы», «Шет өңірі» жергілікті газеттерінде және Шет ауданы әкімдігінің және ауданының жер қатынастары бөлімінің сайттарында жарияланатындығы жөнінде қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес жауаптар берілді.
Аудан әкімі аппаратының кеңсе бөлімі