Аудан әкімі М.Мұхтаровтың мерекемен құттықтауы

Аудан әкімі М.Мұхтаровтың мерекемен құттықтауы

Құрметті арулар, ардақты аналар,
аяулы әпке-қарындастар!
Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әйел – отбасының берекесі, қоғамның тірегі, ұлттың ұйытқысы. Сіздер мейірім мен нәзіктікті, ақыл мен парасатты, сұлулық пен сабырлықты бойларыңызға сіңірген ерекше жандарсыздар. Ананың алақаны мен әженің ақылы, қыз-келіншектердің шексіз махаббаты әр шаңырақтың жылуын арттырып, қоғамымыздың дамуына үлес қосып келеді.
Бүгінде өз істеріне адал, еңбекқор әйелдер білім, медицина, мәдениет, экономика, саясат, кәсіпкерлік сияқты сан түрлі салада табысты еңбек етіп, ауданымыздың өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүр. Сіздердің еңбектеріңіз қашанда жоғары бағаланады. Осы жарқын мерекеде сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт пен амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін. Жүздеріңізден әрдайым қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін!
Көктемнің шуағындай өмірлеріңіз нұрға толып, қызғалдақ гүлдей құлпыра беріңіздер!

Құрметпен, Шет ауданының әкімі М.Мұхтаров