
Аудан орталығындағы мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Көктем сыйы – сіздерге, аяулы аналар!» атты мерекелік салтанатты жиын өтті.
Айтулы шарада аудан әкімі М.Мұхтаров барша нәзік жандылар қауымын мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген бір топ азаматшаларға:
• Облыс әкімінің Алғыс хаттарын;
• Аудан әкімінің «Құрмет» грамоталарын салтанатты түрде табыс етті.
Бүгінгі мерекеге орай ауданымызда бір отбасы қуанышқа бөленіп, жаңа үйдің кілті табысталып, баспаналы болды.
Аудандық мәслихат төрағасы С.Социал аудан әкімінің Алғыс хаттарын табыстаса, аудан прокуроры Б.Абдулахат бірқатар аруларымызды Шет ауданы прокуратурасының Алғыс хатымен марапаттады.
Жиын соңы ауданымыздың мәдениет саласы өнерпаздары дайындаған мерекелік концертке ұласты. Әсем ән мен күмбірлеген күй көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.