Шет ауданы Мансап орталығы іссапармен «НоваЦинк» ЖШС-не барып, директорымен жұмыс кездесуін өткізді

Шет ауданы Мансап орталығы іссапармен «НоваЦинк» ЖШС-не барып, директорымен жұмыс кездесуін өткізді

Шет ауданы Мансап орталығы іссапармен «НоваЦинк» ЖШС-не барып, директорымен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саласындағы ынтымақтастық мәселелері жан-жақты талқыланды. Келіссөздер қорытындысы бойынша алдағы уақытта өзара тиімді әріптестікті жалғастыру жөнінде келісімге қол жеткізіліп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Кәсіпорын директорына біздің ұйым арқылы үміткерлерді іріктеу және жұмысқа жолдау тәртібі туралы толық ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, компаниядағы өзекті бос жұмыс орындары, жұмысқа қойылатын талаптар және азаматтарды жұмыспен қамту перспективалары қарастырылды.