Көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау

Көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау

Көп балалы отбасы атандыңызба? Онда ең алдымен көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны рәсімдеуге асығыңыз. Ал біз, бүгінгі парақшамыздың #oqy&toqy айдарында, жәрдемақыны рәсімдеудің жолын көрсететін боламыз. Аталмыш жәрдемақы тек ХҚО арқылы рәсімделеді☝️

📌Тұрғылықты мекен жайыңызға қарасты ХҚО-ға кезекті алдын ала брондаңыз;

📌Тағайындалғануақыттан ХҚО-ға 20 минутқа ерте барыңыз;

📌Операторға төмендегі құжаттарды өткізу арқылы жәрдемақыға өтініш жазыңыз:

📎Жеке куәлік;

📎Балалардың құжаттары;

📎Банк тік есеп шот жөніндегі анықтама.

 

☝️Ескерту, 18 жасқа толған балалары бар отбасыларға жәрдемақы, бала жоғарғы оқу орнының күндізгі бөлімінде оқып жатса және ол 23 жасқа толғанша оқуынан анықтама өткізсе ғанатөленеді. 

 

📌Төлем мөлшері:

4️⃣ бала үшін - 16,03 АЕК (44 531 тг);

5️⃣бала үшін – 20,04 АЕК (55 671 тг); 

6️⃣бала үшін – 24,05 АЕК (66 810 тг);

7️⃣немесе одан да көп бала үшін - 28,06 АЕК (77 950 тг).

 

⏰Қызмет көрсету уақыты, құжат тапсырған күнді есепке алмағанда, 8 жұмыс күні