Стартовал онлайн айтыс посвященный Абаю Кунанбаевичу!

Стартовал онлайн айтыс посвященный Абаю Кунанбаевичу!

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Арқа айтыс ақындары мен жыршы жыраулар мектебінің ұйымдастыруымен Шет ауданы әкімідігі, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, сондақ – ақ аудандық мәдени – сауық орталығының қолдауымен данышпан, хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған «Артынан өлмейтұғын сөз қалдырған» атты облыстық онлайн айтыстың салтанатты түрде ашылуы өтті. Шараны айтыскер ақын облысымыздағы «Рухани жаңғыру» өңірлік кеңсесінің басшысы А.Жұмағұлов жүргізіп, онлайн айтыста бақ сынасып көрмекке бел буып, облысымыздың түкпір – түкпірінен арнайы келген 12 ақынды халыққа таныстырып, ақындарды жеребе арқылы 6 жұпқа бөлді. Алқалы жиында аудан әкімі М.Мұхтаров өткелі отырған шараның маңыздылығына тоқталып, ақындардың қадамыңа құтты болсын айтып, сөз сайысына түскелі отырған жас өрендерге ауыл ақсақалы Б.Исатайұлы ақ батасын беріп, танымал айтыскер ақын жерлестеріміз Т.Әділов пен Д. Қамиев жырдан шашу шашып, ізбасар інілеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар, шабыттары шарықтап, от ауызды, орақ тілді ақындар ел алдында екі ауыз өлеңдерін табанда шығарып, алғыстарын жеткізді.
Айта кету керек, бұл айтыстың басты ерекшелігі еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн форматта өтуі. Ал, кіл жүйріктен шын жүйрікті анықтауда қазылар алқасының төрағасы, ақын жерлесіміз Т. Амандықұлы болып бекітілсе, қазылар алқасында белгілі ақын, ф.ғ.д. Қ.Асан мен айтыскер ақындар Т.Әділов, Д.Қамиевтер бар.
Айтысты көрермен қауым «Рухани жаңғыру» өңірлік кеңсесінің You Tube каналы мен әлеуметтік желі парақшаларын тамашалап, дауыс беріп, пікрілерін қалдыра алады. Жалпы айтыс нәтижесі қараша айының соңында белгілі болмақ.