Қазпошта қызметінің жаңартылған қызметтері түсіндірілді!

Қазпошта қызметінің жаңартылған қызметтері түсіндірілді!

Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров аудан әкімідігінің мәжіліс залында «Қазпошта» АҚ Қарағанды облыстық филиалының басшысы Е.Мейрам мен аталмыш филиалдың сату бөлімінің меңгерушісі М.Сатмолдинамен бірге жиналыс өткізді. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасары бастаған мекеме, бөлім басшылары, ауданымызға қарасты ауыл, кент әкімдері онлайн режимінде қатысты.
Жиналыс барысында М.Сатмолдина «Қазпошта» акционерлік қоғамының қазіргі таңда заманға сай шығып жатқан банктік және цифрлық қызметтері жөнінде мағұлмат беріп, слайд арқылы таныстырып өтті. Бүгінгі күні аталмыш мекеме дәстүрлі форматтан замануи озық технологияларға бағыт алып, тың бастамаларға бағыт алған. Мысалға: РOS mobile қызметі сауда – сервистік кәсіпорындарға тауарлар мен қызметтерді төлеу үшін байланыссыз төлемдерді қабылдауда қолайлы болса, гибриттық пошта, әлеуметтік карта, visa, MasterCard, Apple Pay, сынды көптеген қызметтері азаматтардың күнделікті қолдануына аса тиімді. Сонымен қатар, жиын барысында басқа да көптеген тиімді қызметтердің түрлері көрсетіліп, ауданымыздағы «Қазпошта» қызметіне байланысты мәселелер де көтерілді. Жиынды қорытындылыған облыстық филиал директоры М.Мейрамұлы алдағы уақытта барлық кемшіліктерді қадағалауға алып, аталмыш қызмет түрлерін қолдауға шақырды.