Шет ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жасыл төсеніші бар спорт алаңы.

Шет ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жасыл төсеніші бар спорт алаңы.

Шет ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жасыл төсеніші бар спорт алаңын қайта ретке келтіру үшін аудандық бюджеттен 2020 жылдың маусым айында 37 млн. теңгеге конкурс жарияланып, 2020 жылдың шілде айында мемлекеттік сатып алу қортындысы бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Гарейс-Строй» фирмасы 33 млн 300 мың теңгеге ұтып алды. Қазіргі таңда спорт мектебі стадионының құрылыс жұмыстары аяқталып, Ақадыр кентінің әкімі Дәурен Қарсембайұлы, Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерсаин Жанатұлы, Шет ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Біржан Сейсенбайұлы, Ақадыр кентінің спорт ардагері, зейнеткер Ербол Жолдыбалаұлы және спорт мектебі оқушыларының қатысуымен бүгінгі күні ашылу салтанаты ұйымдастырылып, жасыл төсеніші бар спорт алаңы халық игілігіне берілді.