
2019 жылдың 11 желтоқсаны 2020 жылдың 14 ақпан аралығында Ақсу-Аюлы ауылының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Шет ауданының мекемелер арасында футбол лигасының аудандық чемпионаты өтті. Чемпионаттың жеңімпаз жүлдегерлерін Жастар ресурстық орталығының меальдарымен Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтау грамотасы, командық ауыспалы кубокпен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. I- орын Шет ауданының Полиция бөлімі, ll- орын Жұмыспен қамту орталығы, lll- орын Ақсу-Аюлы ауылының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі иеленді.