
Тәні саудың – жаны сау!
2020 жылдың 24-30 тамыз күндері Қазақстан Республикасының Конституциясы күні орай апта бойы онлайн түрде ұйымдастырылған спорттық іс-шаралар, атап айтқанда, ерлер арасында велоспорттан және қыздар арасында дойбыдан өткен жарыстар өз мәресіне жетті. Велоспорт және дойбы жарысына аудан көлемінде ауылдық округтер мен кенттер тұрғындары арасында «Play Market» бойынша «ШАШКИ» қосымшасы және «STRAVA» қосымшасы арқылы өткізіліп, нәтижесінде жарысқа 40 адам қатысты. Жарыстың басты мақсаты карантин кезінде уақытты тиімді пайдалану үшін, «Біз біргеміз», «Біз үйдеміз» челлендждерін қолдай отырып бұқаралық спортты дамыту. Аталған жарыстарды ұйымдастыруға басшылық жасау Шет ауданының «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» тарапынан жүргізілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан мақтау қағаздарымен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Тартысты өткен бәсекенің қорытынды нәтижесіне тоқтала кететін болсақ:
1) Велоспорт жарысы бойынша 7 шақырым қашықтыққа;
І орын – Несіпбек Нұрзат, нәтижесі 17 минут (Ақсу-Аюлы ауылдық округі)
ІІ орын – Ергебаев Нурлан,, нәтижесі 18 минут рет (Ақжал кенті)
ІІІ орын – Рахимбеков Арслан, нәтижесі 20минут рет (Ақжал кенті)
2) Дойбы жарысы бойынша;
І орын – Бушанова Динара (Ақсу-Аюлы ауылдық округі)
ІІ орын – Амантай Ботагөз (Босаға ауылдық округі)
ІІІ орын – Курал Макпал (Төменгі Қайрақты ауылдық округі)