
2020 жылдың 06-07-08 шілде аралығында Астана күніне орай дойбыдан (онлайн) жарыс өз мәресіне жетті. Дойбы жарысына аудан көлемінде ауылдық округтер мен кенттер тұрғындары арасында жекелей (онлайн) түрде өтіп, жарысқа 19 адам қатысты. Жарыстың басты мақсаты карантин кезінде уақытты тиімді пайдалану үшін, «Біз біргеміз», «Біз үйдеміз» челлендждерін қолдай отырып бұқаралық спортты дамыту. Аудан тұрғындары арасында дойбы спорт түрін кеңінен насихаттау. Аталған дойбы жарысын ұйымдастыруға басшылық жасаған Шет ауданының «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» тарапынан жүргізілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ұйымдастырушылар тарапынан мақтау қағаздарымен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
І орын –Амангельдин Берікбол Ақсу-Аюлы ауылы
ІІ орын –Амангельдтн Аманбол Ақсу-Аюлы ауылы
ІІІ орын –Касымов Азамат Ақадыр кенті