Спорт-денсаулық кепілі!

Спорт-денсаулық кепілі!


2020 жылдың 8 мамыры күні Ұлы Жеңістің 75 жыл толуына орай ерлер арасында кермеге тартылудан жарыс өз мәресіне жетті. Кермеге тартылу жарысына аудан көлемінде ауылдық округтер мен кенттер тұрғындары арасында Whats app мессенджер оның ішінде бейнеқонырау жасау арқылы өтіп, жарысқа 16 адам қатысты. Жарыстың басты мақсаты карантин кезінде уақытты тиімді пайдалану үшін, «Біз біргеміз», «Біз үйдеміз» челлендждерін қолдай отырып бұқаралық спортты дамыту. Аталған кермеге тартылу жарысын ұйымдастыруға басшылық жасаған Шет ауданының «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» тарапынан жүргізілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ұйымдастырушылар тарапынан мақтау қағаздарымен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


І орын –Әбіл Ноян кермеге тартылу нәтижесі 25 рет (Төменгі Қайрақты ауылдық округі)
ІІ орын –Несіпбек Нұрзат кермеге тартылу нәтижесі 22 рет (Ақсу-Аюлы ауылдық округі)
ІІІ орын –Тлеуханов Жәнібек кермеге тартылу нәтижесі 21 рет (Ақсу-Аюлы ауылдық округі)