Босаға ауылдық округінде Серік Мамашұлы атындағы жаңа күрес залының ашылу салтанаты өтті

Босаға ауылдық округінде Серік Мамашұлы атындағы жаңа күрес залының ашылу салтанаты өтті

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» бағыты аясында демеушілік есебінен Босаға ауылдық округінде Серік Мамашұлы атындағы жаңа күрес залының ашылу салтанаты өтті. Ашулы салтанатына ауыл тұрғындары мен құрметті қонақтар қатысып, Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерсаин Жанатұлы, Босаға ауылдық округінің әкімі Қазбек Құрманбайұлы, Босаға ауылдық «Ақсақалдар алқасы» ұйымының төрағасы Оразхан Кәрібжанұлының қатысыумен лента қию рәсімі өткізілді.Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты Ақадыр кентінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Біржан Сейсенбайұлы оқушыларға қазақ күресінің күртешелерін сыйға тартты. Ашылып жатқан күрес залына белсене араласып, көмектерін көрсетіп жатқан азаматтарды Шет ауданы әкімінің міндетін атқарушы Азамат Азатұлының алғыс хатымен марапатталды.
Қазіргі таңда Серік Мамашұлы атындағы жаңа күрес залы ауыл тұрғындарының қолданысына беріліп, ел игілігіне қызмет етуде. Ауданымыздың бұқаралық спортын дамытып, көркеюіне ат салысып жүрген еліміздің азаматарына алғысымызды білдіреміз.