«Saryarka» онлайн Спартакиадасы өтті

«Saryarka» онлайн Спартакиадасы өтті

 

2020 жылдың 14-18 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған облыстық «Saryarka» онлайн Спартакиадасы өтті. 2020 жылдың 21 қазан күні Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында облыстың қалалары мен аудандары арасында ұйымдастырылған облыстық «Saryarka» онлайн спартакиадасының жабылу салтанаты болды, оған әр түрлі жастағы өңір тұрғындарының бұрын-соңды болмаған рекордтық саны – 4853 адам қатысты! Біріншіліктің финалына – 1363 спортшы шықты. Бұл спартакиада осындай кең ауқымда Қазақстанда өткен жалғыз онлайн іс-шараға айналды!
Спартакиадасының бағдарламасындағы тоғызқұмалақ жарысында командалық есепте 1-ші орын, президенттік көпсайыс 2-ші орын, жеңіл атлеткиа 3 орын, футбол (жонглирование) 3-орын, дойбы 3-орын алды.
Жалпы командалық есепте аудандар арасында 1-ші орынды Абай ауданы, 2-ші орынды Нұра ауданы, 3-ші орынды Шет ауданы қанжығасына салды.
Жүлделі орындарға ие болған қалалар мен аудандардың командалары дипломдармен және кубоктармен марапатталды. Оларды дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев пен жарыстың бас төрешісі Нұрлан Түсіпов құттықтады. Бұған қоса, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында әртүрлі өңірлердің өкілдеріне жергілікті жерлерде марапаттарды тапсыру үшін жеке есепте үздік болған спортшылардың грамоталары мен медальдары берілді. Спартакиаданың барлық қатысушыларына арнайы сертификаттар тапсырылды.