ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ: СПОРТ — ЕЛ АБЫРОЙЫ!

ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ: СПОРТ — ЕЛ АБЫРОЙЫ!

22 қаңтар күні аудан әкімдігінде «Спорт саласының жыл үздіктері – 2025» атты салтанатты марапаттау шарасы өтті. Өткен жыл ауданымыз үшін толағай табыстар мен жарқын жеңістерге толы болды! 🇰🇿
Өткен жылдың басты жетістіктері:
Халықаралық арена: Түркияда өткен Азия Кубогінде Тоғызқұмалақтан бағындырылған алтын белестер.
Республикалық деңгей: Қазақ күресі, Құсбегілік, Пара дзюдо және Аударыспақтан ел чемпиондары мен жүлдегерлері.
Командалық табыс: Көкпар, Волейбол, Үстел теннисі және Садақ ату шеберлерінің «Сарыарқа – 2025» және ұлттық фестивальдердегі жеңісі.
Аудан әкімі спорт саңлақтарына алғыс білдіріп, жекелей және командалық есептегі үздіктерге 40 000-нан 200 000 теңгеге дейінгі қаржылай сертификаттар табыстады.
Жеңіс құтты болсын, аудан мақтаныштары! Жаңа белестер мен биік асуларды бағындыра беріңіздер!