
26 желтоқсан күні аудан орталығындағы мәдениет үйі алаңында Жаңа жылдық шыршаның ашылу рәсімі болып өтті. Салтанатты жиын алдында жыл кейіпкерлері Аяз ата мен Ақша қар шырша алаңына қадам басып, жаңа жыл шыршасының шырағын жақты. Шыршаның шамын жағу салтанатына аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы қатысып, аудан тұрғындарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Осыдан кейін, ауданның мәдени-сауық орталығы ұйымдастырған мерекелік концерт көпшілік назарына ұсынылып, жаңа жылдық от шашумен аяқталды.