СПОРТ САЛАСЫНЫҢ САҢЛАҚТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ!

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ САҢЛАҚТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ!

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі М.Мұхтаров өлкеміздің спортшыларымен кездесу өткізді. Кездесуге ауданымыздың атын әлемдік додаларда танытып жүрген саңлақ спортшылар мен жаттықтырушылар арнайы шақырылып қатысты. Кездесу барысында аудан әкімі биылғы спорт саласындағы айтулы жетістіктерге тоқталып өтті. Осыдан кейін, аудан әкімі биылғы жылы әлем, азия, республика деңгейінде жеңімпаз атанған
спортшыларды марапаттап, аудан әкімінің қаржылай сертификаттарын табыстады. Өз кезегінде спортшылар қауымы да жылы лебіздерін жеткізіп, арнайы құрметтеп жатқан аудан әкімдігіне алғыстарын білдірді.