
Аудан әкімі М.Мұхтаров тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді. Қабылдау барысында азаматтар тарапынан бірқатар әлеуметтік маңызды мәселелер көтерілді.
Атап айтқанда, апаттық жағдайдағы тұрғын үй мәселесін шешу, елді мекен көшелерін қардан тазарту бойынша жоспарланған тендерлік рәсімдердің жүргізілуі, сондай-ақ жаңа мектеп құрылысын салу қажеттігі жөнінде мәселелер қаралды.
Әрбір өтініш жеке тыңдалып, көтерілген сұрақтар бойынша тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Аудан әкімі тұрғындармен ашық диалог орнатып, өзекті мәселелердің шешілуі қатаң бақылауда болатынын атап өтті.