МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында Шет ауданы Ақшоқы ауылында жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді.

Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары О. Стыбаев қатысып, жергілікті тұрғындарды құттықтап, жаңа нысанның ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтау мен медициналық қызмет сапасын арттырудағы маңыздылығына тоқталды.

Медициналық пункт қазіргі заман талабына сай жабдықталған, қажетті медициналық құрылғылармен қамтамасыз етілген. Мұнда 2 мейірбике қызмет етеді, олардың бірі – жас маман ретінде қабылданып, жұмысын бастауда. Бұл ауылдағы медицина саласына жаңа серпін бермек.

Жаңа медициналық нысанның ашылуы – ауыл тұрғындарының денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды қадам.