МОЙЫНТЫ КЕНТІНДЕГІ «BapyMining» КӘСІПОРНЫНА АРНАЙЫ ІС-САПАР

МОЙЫНТЫ КЕНТІНДЕГІ «BapyMining» КӘСІПОРНЫНА АРНАЙЫ ІС-САПАР

Аудан әкімінің м.а. Д. Карсембаев жұмыс сапарымен ТОО «Bapy Mining» кен орнына барып, кәсіпорынның өндірістік үдерісімен танысты. Іссапар барысында кен орнының атқарушы директоры К.Ю. Асан өндіріс алаңы бойынша экскурсия ұйымдастырып, атқарылып жатқан жұмыстар, өндірістік қуаттылық, техникамен жабдықталуы және еңбек қауіпсіздігін сақтау шаралары туралы жан-жақты ақпарат берді.

Сапар аясында аудан әкімінің м.а. Д. Карсембаев кәсіпорын ұжымымен кездесіп, жұмысшылардың еңбек жағдайларына, әлеуметтік қамтамасыз етілуіне назар аударып, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Жұмыс сапарының негізгі мақсаты – кен орнының қызметімен танысу, еңбек ұжымымен кері байланыс орнату және өндіріс саласындағы өзекті мәселелерді талдау болып табылады.