
Ақжал кентіндегі «Nova-Цинк» ЖШС-не Шет ауданы әкімінің міндетін атқарушы Д. Карсембаев пен аудан прокуроры Б. Абдулахат жұмыс сапарымен барды.
Сапар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылды – «Жұмысшы мамандығы жылы» деп жариялауына орай ұйымдастырылды. Бұл бастама өндірістік салада еңбек етіп жүрген жұмысшы мамандық иелерінің мәртебесін арттыру, еңбек қауіпсіздігі мен жұмыс жағдайын жақсарту, сондай-ақ жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуын күшейтуге бағытталған.
Жұмыс сапары барысында кәсіпорынның өндірістік үдерісі, еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуы және жұмысшыларға жасалған жағдайлармен танысып, кәсіпорын басшылығымен және жұмыс ұжымымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында кәсіпорынның қазіргі даму қарқыны, әлеуметтік жауапкершілік аясында атқарып жатқан шаралары талқыланды.
Жиын соңында еңбек ұжымымен еркін форматта пікір алмасу өткізіліп, қызметкерлер тарапынан көтерілген ұсыныстар мен сұрақтарға жауап берілді.