КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Д. Карсембаевтың төрағалығымен аудандық кеңейтілген аппарат отырысы өтті.
Күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды:
1. «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» мемлекеттік мерекесіне дайындық барысы.

🔹Аудан бойынша аталған мерекеге орай өткізілетін іс-шаралар жоспары талқыланып, ұйымдастыру жұмыстарының сапалы әрі уақтылы орындалуы тапсырылды. Әлеуметтік нысандарды, елді мекендерді мерекелік безендіру, патриоттық бағыттағы шараларды өткізу мәселелері қозғалды.
2. Ағымдағы жағдайлар бойынша келесі бағыттар қаралды:
• Аудан бойынша қысқы жылу беру маусымының өту барысы
Аудан аумағындағы білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандардың жылумен қамтамасыз етілуі туралы есеп берілді. Жылу беру жүйелерінде ақаулар, барлық нысандардың тұрақты жұмысы баяндалды.
• Халықты коммуналдық-тұрмыстық көмірмен қамтамасыз ету туралы
Тұрғындарға көмірдің жеткізілуі, көмір бағасының тұрақтылығы мен қордың жеткіліктілігі жайлы мәлімет ұсынылды.
• Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары туралы
Аудан бойынша негізгі тауарларға тұрақты мониторинг жүргізіліп, сауда орындарында, дүкендерде белгіленген шекті бағалардың сақталуы жайлы ақпарат берілді.
• БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілген ақпараттық жұмыстар туралы.
Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан іс-шаралар мен мемлекеттік бағдарламалар туралы халықты хабардар ету мақсатында жергілікті баспасөз, ресми сайттар мен әлеуметтік желілер арқылы белсенді ақпараттық жұмыстар жүргізіліп жатқаны атап өтілді және барлық өткен іс-шараларға арнайы тоқталып, ақпарат берілді.
Отырыстың қорытындысы бойынша аудан әкімінің м.а. Д. Карсембаев жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, барлық мәселелер бойынша жұмыстардың мерзімінде және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.