АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Аудан әкімі М.Мұхтаров «Amanat» партиясының аудандық филиалы ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.
Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан тұрғын үй мәселесі, әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту сынды тақырыптарда өтініштер мен сауалдар жолданды.
Әр мәселе жеке қаралып, тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар берілді.
Аудан әкімі тұрғындармен кері байланыстың маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта да мұндай жеке қабылдаулар тұрақты түрде өткізілетінін жеткізді.