
2025 жылдың 25 қарашасында Шет ауданының полиция бөлімінде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқық қорғау органдарына деген сенімді нығайтуға бағытталған «Құқықтық тәртіп әліппесі» жобасы таныстырылды.
Іс-шараға Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектеп-интернатының оқушылары, Шет агротехникалық колледжінің студенттері және ауданның қоғам белсенділері қатысты.
Жобаның мақсаты – тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру, құқық қорғау органдарының жұмысы туралы ашық ақпарат беру және азаматтарды қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету процесіне тарту.
Салтанатты ашылуда Шет ауданының ПБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Шайке Еркебұлан Маратович, аудан әкімінің орынбасары Д.Кәрсембаев, «Ұлағат» қазақ тілі қоғамының төрағасы Е.Жәнібеков сөз сөйлеп, қатысушыларға жобаның маңызын түсіндірді.
Іс-шара барысында:
• Полиция бөлімінің жұмысы туралы видеоролик көрсетілді;
• УҰИ бөлмелері, тергеу кабинеттері, қызметтік орындар таныстырылды;
• Жедел-криминалистикалық топтың аға криминалисті жұмыс барысын көрсетті;
• Пробация қызметімен профилактикалық жұмыстар жүргізілді;
• «Таза Қазақстан» акциясы аясында түсіндіру және әкімшілік хаттама толтыру жұмыстары болды;
• ХҚКО-да мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі көрсетіліп, құжаттандырудың маңыздылығы түсіндірілді.
Жоба жас буын мен тұрғындарға құқықтық тәртіптің қалай қамтамасыз етілетінін көзбен көріп, құқық қорғау саласының ашық жұмысына куә болуға мүмкіндік берді.